"Өкінішті":Бағым Мұхитденова маңызды мәлімдеме жасады

"Өкінішті":Бағым Мұхитденова маңызды мәлімдеме жасады

Танымал әнші, продюсер Бағым Мұхитденова әлеуметтік желідегі парақшасында арнайы мәлімдеме жасап, кей кісілерге ренішін білдірді деп жазады Democrat.kz.

Бағым Мұхитденова соңғы уақытта "Кешьюдің" мерейтойына байланысты әлеуметтік желілерде түрлі дақпырттың өршіп кеткенін айтып: "Қазір бір жыл бұрын менің Аман Тасығанға берген сұхбатымнан қиып алып, кейбіреулер соны таратып, жұртты шулатуда.

Менің ол сұхбатты бергендегі психологиялық ауыр жағдайымнан көп адам хабарсыз. Ескі видеоны дәл қазір таратып, түрлі пікір қалыптастыру кімге керек? "Кешьюдің" концертіне билет өткізе алмай жатыр, сол себепті осылай хайп жасауда" деген де сөздер айтылуда, өкінішті.

Достар, концерттің билеті таусылуға жақын. Ешқандай хайптың керегі жоқ бізге. 

Мен үшін бәрінен де маңыздысы менің денсаулығым. Мен музыкамен айналысып жүрмін. Жағымсыз пікір жазып, жұрттың көңілін тиюді қою керек, ақыл болуы керек әркімде", деп, көрерменді "Кешьюдің" концертіне шақырды. 

Барлық жаңалықтар