"Ол мені осылай өзіне баурап алды" деген Гүлзира ханым сезімге толы сырын шертті

"Ол мені осылай өзіне баурап алды" деген Гүлзира ханым сезімге толы сырын шертті

Продюсер Гүлзира Айдарбекова күйеуімен қалай кездесіп, қалай үйленгендері туралы жазба жариялады деп жазады Democrat.kz.

"Мен мектепті бітірген жылы Нүрекең енді ғана әскерден келген кезі болатын. Түрі де осындай, үстіндегі майкысы да тура осы, беседкада досымен отыр екен. Мен де,ол да ағаларымыздың үйінде тұрамыз қалада, екі үйдің ортасын бөліп тұрған сол беседка және тар ғана жол. 

Асығып жүріп сүрініп, қолымдағы наным шашылып қалған кезде көзіне түсіппін. Нүрекеңнің шығарған “Сүрінген қыз”әні де сол кездегі сәтімізден естелік етіп жазылған.

Қолында гитарасы, қашанда ән айтып жүретін, центр.парктегі дискотекада, тойларда ән салады екен напақасын тауып. Содан бері 37 жылдан асты, біргеміз.

Сол махаббатымыздың куәсі ақ Қайроштарыңыз бала кезінен осылай сахнаның көркіне айналып, тыңдармандарын Нүрекең мені баурағандай баурап келеді.

Аллаға шүкір үш ұлымыз, келіндеріміз, немерелеріміз өсіп-өніп, соларға қарап, бәрін еске алып отырамыз. Адамның бар байлығы отаны мен отбасы. Еліміз тыныш, жұртымыз аман, отбасымызда бәрі жақсы болуын жазсын Алла!" деп жазды продюсер. 

Барлық жаңалықтар