«Ол – трагедия» – Еркебұлан Дайыров Қаңтар оқиғасына қатысты пікір білдірді

«Ол – трагедия» – Еркебұлан Дайыров Қаңтар оқиғасына қатысты пікір білдірді

Белгілі актер Еркебұлан Дайыров Қаңтар оқиғасында алдымен өз отбасын қызғыштай қоруды жөн көргенін жеткізді, деп жазады Democrat.kz.

«Қаңтарда мен алаңда болмай қалдым деп оны ар, ерлік санаудың ешқандай қажеттіллігін көріп тұрған жоқпын. Өйткені ол жерде менің таныстарым, достарым қайтыс болды. Ешқандай мақтанатын нәрсе көріп тұрған жоқпын.

Ол – трагедия. Болды.
Иә, мен отбасымды қорғадым. Мылтықпен үйде отырдым. Маған алаңдағы айғай-шудан көрі үйімнің амандығы бірінші орында тұрды. Менің қаңтарым үйде болды. Басқа амал қалмады ғой. Мысалы, құқық қорғау органдарының өзі үйдің алаңында аспанға қару атып жүрді», –деді ол.

Барлық жаңалықтар