Ливанның Al Mayadeen телеарнасының ақпаратына сенсек, Иран Израиль соғысының алғашқы күнінде қайтыс болды деген аятолла Хаменеи тірі екен деп жазады Democrat.kz.
Ливан телеарнасы Иранның жоғарғы көшбасшысы Али Хаменеи дағдарыс штабында және әскери операцияларды жеке басқарып, үйлестіріп отырғанын айтады.
Ливан телеарнасының тілшісі "Әли Хаменеи 2025 жылдың жаздағы соғыс кезіндегідей, қазір дағдарыс штабында және әскери операциялардың барысын жеке өзі басқарады"деп хабарлады.
Бұл ақпаратқа қатысты жұрттың пікірі екіге бөлінді. Бір тарап "Алла ұлық қой! Ұлы адамды ажалдан сақтап қалды. Аман болсын аятолла!" деп қуанып жатса, келесі тарап "бұл жалған ақпарат, Иранның кезекті қулығы. Аятолла өлді. Ол өлмесе, баласын орнына қоймас еді" деуде.