Танымал әнші Меруерт Түсіпбаева қазақтың тойына қатысты және өз басынан өткен тойдағы жағдайлар жайлы жазба жариялады деп жазады Democrat.kz.
"Каримовтар отбасында керемет той өтті. Міне , бір көрінісі , осындай. Той тойға ұлассын. Қазақтың той- томалағына қатысты әркімнің өз көзқарасы бар.
Әлбетте, бүгін өз пікірімді жазбақпын , сіздің де пікіріңізді күтемін …. Балам Европада оқығандықтан , айлап - апталап сонда тұрдым . Аңғарғаным , жұма , сенбі , жексенбі күндері ол жақта барлық паб/ барларда бүкіл дерлік қала тұрғындары кешке жиналып , ішіп жеп/билеп таңды атырып үйлеріне қайтады - дәстүр солай ….
Ал , қазақтар демалыс күндері той жасайды , тойға барады . Өз басым әнші ретінде , қазақтың тойына тікелей қатысым бар ғой, талай жылдар бойы неше түрлі той көрдім, шыны керек…. Қазақтар тойды неге жасайды ? Осы сұраққа жауап берсем ….
Біріншіден, өздерін көрсеткісі келеді. Екіншіден, бәсеке де бар , көршің 200 адам шақырса , мен 300 адам шақырамын деп бөседі… Үшіншіден,
“баласына бір той жасап бере алмай , бұл өмірден өтіп кетті қанша адам” деп , ұрпағын қызықтағысы келеді.
Той иелерін түсінуге болады!! Осы өнерде жүрген 25 жылға жуық арада , мың - млн той көрдім мен… Сан алуан той иелерін , мәдениеттен жұрдай немесе аса тәрбиелі, жомарт жандарды кезіктірдім…. Қазақпыз ғой.
Менің өмірімде тегін той жеткілікті .Тойы болғанша , қыр соңыңнан қалмай, өлердегі сөздерін айтып , Меруерт сені қонақ қылып шақырып отырмын , әнші ретінде емес дейтін таныстар жоқ емес …
Сондай Қарағандыда тұратын бір профессордың бір емес екі тойына бардым. Той өткен соң , зымзия жоғалды әпкеміз…. Просто құр қол , үйге ұштым да кеттім. Жеттің бе , кеттің бе деген жоқ!! Просто солай.
(Көбінесе менің қыр соңымнан қалмай , тегін тойда пайдаланып алатындардың дәл осындай әдетіне үйрендім негізі… ).
Ал, мына видеодағы көріністей - әншіні төредей күтіп, ақшасын да төлеп, сюрприз жасап шапан жауып, алтын алқа тағып, ат мінгізіп жіберетіндер де БАР, міне! Қазақтың тойы бітпесін!!!"деп жазды әнші.