"Өлген күйеуіммен некелестір":Журналист сұмдық жайтты айтты

"Өлген күйеуіммен некелестір":Журналист сұмдық жайтты айтты

Танымал журналист Жазира Бегалы өзіне күтпеген жерден өзіне түсініксіз және таңғаларлық телефон шалынғанын айтты деп жазады Democrat.kz.

"Кеше бір келіншек хабарласады.
-Жазира ханым, қайтқан жолдасыммен некеге тұра алам ба?
-Түсінбедім.

-Өлген адаммен қайтадан некеге тұрғызып беріңізші. Қандай жолы бар? Ақшасын да төлеймін. 
Өлген адаммен некені заңдастыру мүмкін емес деп түсіндіремін. Ол да қайтпайтын , сөзді ұқпайтын әйел екен.

Сөйтіп келіншектің сұрағы төбемнен жай түскендей әсер етті. Шағым жазған адамдардың ойын , не айтқысы келгенін анықтау үшін екі, үш сағат телефонға жармасып отырамын. .

Келіншек Ақтауда тұрады. Құжат мәселесін шешуді сұрайды.

Біреулер «бұрынғы күйеуіңмен некеге заңды түрде тіркел. Қазақстан азаматтығын аласың» деп ақыл айтыпты. Әйелдің марқұмнан екі перзенті бар. Өзбекстаннан қоныс аударған. Он жылдан бері туған жеріне бармаған. Оның Өзбекстан төлқұжатының мерзімі өтіп кеткен . Күйеуі жанында жүргенде некені заңдастырмаған. Екі баласының туу куәлігі бар. Бұл жаңалыққа қуанып қалдым. 
Сөйтіп, өлген адаммен некеге тұру мүмкін емес екеніне көзі жеткеннен кейін келіншек сырын ақтарды.

Бір ер кісі азаматтық алу үшін маған тұрмысқа шық деп ұсыныс жасайды. Өзі еден жуып, екі баласын асырап жүрген әйелге жалған жаны ашитын осындай адамдар жайлы естігенде қаным қайнайды. 

Төлқұжатының мерзімі өтіп кеткен қандастарымыз біліп жүрсін. Сондықтан осы жазбаны таратып жіберіңіздер

Төлқұжатының мерзімі өтіп кеткен шетел азаматы өз елінің елшілігіне жүгініп, өтініш жазады. Себебі, мерзімі өткен құжатпен шекарадан өткізбейді. Сол сіздің өтінішіңізге сүйеніп, БІР мәрте шекарадан кедергісіз өтуге кепілдік беретін сертификат береді. Ол сертификаттың мерзімі ОН күн. Яғни он күнде сол құжатты пайдаланып , шекарадан өтіп кетуге міндеттісіз. Екінші мәрте бере ме, ол жағын білмеймін. 

Ескі құжатты алып, үйіңізге немесе туған өлкеңізге жеткеннен кейін жаңа төлқұжатты сол мемлекеттің тәртібі, заңы бойынша ауыстырып аласыз. 

Енді «Қазақстан азаматына күйеуге тиіп, азаматтық аламын» деп асықпа дедім. Ең алдымен төлқұжатты реттеу керек. 
Сосын өзінің құжатын біреуге ол ауыстырып бермеді деп етегі жасқа толып жүрген қандастарымыз да бар. Көбісі делдалдар құжатты жоғалтып жіберді деп басын тауға да, тасқа да ұрып жүр. Әркімге айтқанымен мәселеңізді шешетін өзіңіз. Сондықтан елшілікке жүгініңіздер. Өйткені төлқұжат ол сіздің жеке басыңызды куәландыратын құжат.

Ал енді некеге тұрып, Қазақстан азаматтығын алуға болады. Бұрын бес жыл еді.

Қазақстан азаматымен некеге тұрған шетелдік азамат азаматтықты алу үшін кемінде 3 жыл некеде болып, Қазақстан аумағында тұрақты тұруы қажет. Бұл жеңілдетілген тәртіп ретінде қарастырылады. Әр қарай жалғастырайын ба?
Ал өлген адаммен некені қайта заңдастырмайды", деп жазды журналист Жазира Бегалы. 

Барлық жаңалықтар