"Өлікпен өмір сүрген әйел мұғалім болып мектепте жүрген" деген журналист сұмдық жағдайды жайып салды

"Өлікпен өмір сүрген әйел мұғалім болып мектепте жүрген" деген журналист сұмдық жағдайды жайып салды

Танымал журналист Дина Төлепберген кезекті сұхбатында қорқынышты сұмдық жағдайды айтып берді деп жазады Democrat.kz.

Журналист болып жүріп өзі куә болған жайтты айтқан Дина Төлепберген: "Тіріден ала алмаған өшін өлілерден алған. Жеті ай бойы өлікпен бірге бір үйде тұрған апай қазір мектепте сабақ беріп жүр. Ауыл шулап жатыр. 

Қылмыстық іс қозғалмай жатыр. Біз барғанда, жапсарлас салынған үйдің біріне бас сұқтық. Өліктің иісі сұмдық болатыны белгілі. Біз барған үйдің иесі желіммен үй қабырғаларын сылай берген екен иіс келмесін деп.

Қылмыскердің көршісінен "неге қылмысты жасырдыңыз, қабырғаңызды қабаттап сылай бермей" деп сұрасақ, "қой да, ит те өліп жатыр ғой, біреудің проблемасына араласпайын дедім" деп жауап берді. 

Үйіне келген қонақтар әлгі иісті сезіп, полицияға хабар берген"деп біздегі заңның кей тұстарын тілге тиек етті. 

Барлық жаңалықтар