«Өлім ғой...»: "Желтоқсан-1986"- ның беймәлім қаһарманы сұмдық деректі айтты

«Өлім ғой...»: "Желтоқсан-1986"- ның беймәлім қаһарманы сұмдық деректі айтты

Желіде Желтоқсан оқиғасында елімізді азат қылуға шақырған белсендінің әңгімесі тарады , деп жазады Democrat.kz.

Аты-жөні белгісіз Желтоқсан оқиғасының қатысушысы көрген білгенін былай баяндады:

«Қыздар айтты «Алматыда халық жиналып жатыр екен» деп. Ол кезде он тоғыз жастамыз. Мұғалімдер бізді түнімен аңдыды. Сөйтіп түннің бір уағында жатақханадағы төртінші қабатқа барып жиналып, парақшаға «Колбин неге келді? Өзіміздің қазақ неге болмайды» деген сияқты үндеу жаздық.

Жазуымызды танып қоймас үшін біресе оң, біресе сол қолымызбен жаздық. Сосын ол қағаздарды ертесі әжетханадан бастап әр жерге шашып тастадық. Қыздар өзара бір-бірімізді сатпаймыз, ешкімге айтпаймыз деп ант бердік.

Таңертең белгі есебінде бір ысқырық береміз, сонда бәріміз сыртқа шығамыз деп  келістік. Бірақ таңертең біздің көшеге шығатынымызды білді ме, мұғалімдер келді. Жатақхананы жапты. Біз баспалдақтан жүгірген бойы есігін түгел шағып тысқа шықтық. Бір уақытта бізді ОМОН-дар қоршап алды.

Қолдарында дубинка, беттері көрінбейді. Гурьевтің қызына дубинка тиді, ол құлап түсті. Бізді қайтадан жатақханаға алып келді. 

Ертеңінде комсоргтар, студ.советтің бастығы, мұғалімдер келді «кім жазды, мойындаңдар!» деп. КГБ келді. Сөйтіп бізді төрт-бес ай бойы тергеді. Тыным бермеді, біресе жатақханаға келеді.

Бір бөлмені алады да «Кімнің жазуы?» деп әлгі парақшаларды алдымызға тастайды. Біз мойындамаймыз.
 

Сөйтіп күн жылынған кезде ұзақ тергеуден соң, қолжазбамызды танып, әрқайсымыздікін алдымызға тастады. Бітті, еріксіз мойындадық.

Содан комсомолдан шығарды. Ол кезде комсомолдан шығару өлім ғой», – деді өткенді күрсіне есіне алған белсенді.(Мақаланың өңін өзгертіп, ұрлап, сілтемесіз көшіріп басқан сайтты сотқа беретінімізді ескертеміз!)

Барлық жаңалықтар