Олжас Бектенов бизнестегі салық төлеу мәселесіне қатысты пікір білдірді

Олжас Бектенов бизнестегі салық төлеу мәселесіне қатысты пікір білдірді

Премьер-министр Олжас Бектенов үкіметтегі баспасөз брифингі барысында «ірі бизнес аз салық төлейді» деген пікірге қатысты пікір білдірді, деп жазады Democrat.kz.

Ірі бизнес шағын немесе орта кәсіпке қарағанда аз салық төлейді дегенмен келісе алмаймын. Керісінше екенін көрсететін нақты сандар бар. Республикалық бюджетке түсетін барлық салық түсімін алсақ, соның 70 пайызы ірі бизнеске тиесілі. Бұл шамамен 15 триллион теңге. Егер ішіне үңілсек, соның 6,5 триллионына жуығы ірі мұнай жобаларынан түседі. Демек, салықтық жүктеме айтарлықтай жоғары, – деді Бектенов.

 

Барлық жаңалықтар