Жолаушылар вагондарының жай-күйі халық тарапынан жиі шағым тудырып келеді. Осыған байланысты Премьер-министр қауіпсіздік талаптарын толық сақтай отырып, Stadler компаниясының жаңа вагондарын қысқа мерзімде жеткізуді қамтамасыз етуді тапсырды деп жазады Democrat.kz.
«Жолаушылар тарапынан вагондардың жай-күйіне қатысты шағымдар келіп түсуде.Stadler компаниясының жаңа вагондарын жеткізуді бұдан әрі кешіктіруге болмайды. Өнеркәсіп министрлігі “Қазақстан темір жолы” және Stadler компанияларымен бірге техникалық қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып, жолаушылар вагондарын барынша қысқа мерзімде жеткізуі қажет»,
— деп атап өтті Олжас Бектенов.
Премьер-министр:
осы жылдың соңына дейін жаңа 215 локомотив пен 1,5 мыңға жуық жүк вагондары мен жолаушылар вагондары теміржол желісіне шығуын қамтамасыз етуді;
биылғы 1 қыркүйекке дейін отандық өндірістің 13 мың жүк вагоны мен 500 жолаушылар вагонын сатып алу бойынша бес жылдық бағдарламаны бекітуді тапсырды.