Олжас Бектеновке салалық проблемалар мен жетістіктер туралы баяндады

Олжас Бектеновке салалық проблемалар мен жетістіктер туралы баяндады

Премьер-Министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында биылғы 9 айдағы еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен республикалық бюджеттің атқарылу барысы қаралды деп жазады Democrat.kz.

«Мемлекет басшысы өткен аптада экономикалық даму сапасын арттыру мәселелеріне арналған кеңесте макроэкономикалық тұрақтылықты нығайту, азаматтардың әл-ауқатын көтеру және инфляция деңгейін төмендету шараларын қабылдауды тапсырды. Президент халықтың табысын жақсартуда саннан сапаға көшудің маңызды екенін атап өтті», – деді Олжас Бектенов. 

Бүгінгі Үкімет отырысында министрліктер Олжас Бектеновке салалық проблемалар мен жетістіктер туралы баяндады. Мәселен, 2025 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша, мемлекеттік бюджеттің кірісі 17,3 трлн теңгені немесе жоспарға сәйкес 102%-ды құраған. Бұл туралы Үкімет отырысында Қаржы министрі Мәди Такиев мәлімдеді.

Ол өткен жылға қарай өсу қарқыны 116%-ға немесе 2,4 трлн теңгені құрағанын атап өтті. Республикалық бюджетке 10,5 трлн теңге түсті. Жоспар 97,3%-ға орындалды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 116% немесе 1,4 трлн теңгеге көп.

«Жергілікті бюджеттерге сыртқы факторларға тәуелсіз салықтар түседі, бұл 6,8 трлн теңгені құраған тұрақты өсімді көрсетеді. Жоспар 704,4 млрд теңгеге асыра орындалды», – деді Мәди Такиев.

Барлық жаңалықтар