"Өлмейтіндей жүргеніміз үшін кешір..."деген Бағлан Әбдірайымов марқұм досынан кешірім сұрап, жазба арнады

"Өлмейтіндей жүргеніміз үшін кешір..."деген Бағлан Әбдірайымов марқұм досынан кешірім сұрап, жазба арнады
"Жігіттер" квартетінің әншісі Бағлан Әбдірайымов әлеуметтік желідегі парақшасында марқұм Нәби Аймұратов туралы естелік жазып, ағынан жарылып, кешірім сұрады деп жазады Democrat.kz. 
 
"Өмір деген осы екен…
Сен кеткенде жыладық. Қимай, ұзақ уақыт ұмыта алмай жүрдік. Әніңді естісек, көңіліміз босап кететін.
 
Қызылордаға барсақ, үйіңе соғып, ата-анаңа сәлем беріп, құран бағыштап қайтатын едік.
 
Достарың көп еді… Өзің жұлдыз едің, жарық едің… Бірақ уақыт бәрін өз ағысымен алып кетті. Бәрі де артта қалды. Тіпті кейде еске алмайтын күндер де көбейді…
Өмір өтіп жатыр…
 
Жаның жәннатта болсын, досым! Кешір бізді… Өлмейтіндей жүргеніміз үшін кешір… Кешір!"деп жазды Бағлан Әбдірайымов. 
Барлық жаңалықтар