Танымал әзілкештерден құралған "Өнер қырандары" тобы Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековке үндеу жасап, үшбу хат жолдады деп жазады Democrat.kz.
Өз үндеу хаттарында әзілкештер: "Құрметті Ғабит Әбдімәжитұлы!
Жоғарыда, ашық үндеуде баяндалған мән-жайларды ескере отырып, Шымкент қаласы мәдениет басқармасының басшысы Бауыржан Орынтаевтың әрекеттеріне қағидатты құқықтық және қызметтік баға беруді, сондай-ақ оның атқарып отырған лауазымына сәйкестігін қарастыруды және заңнамада көзделген жауапкершілік мәселесін қарауды сұраймыз.
«Өнер Қырандары» театры, көрермендерін әрдайым құрметтейді және өз қызметін тек заң аясында жүргізуге тырысады.
Сонымен қатар, театр мемлекет жүргізіп отырған мәдени саясатты қолдап, өзіндік Ұлттық авторлық репертуар қалыптастыру бағытында жұмыс істеп келеді.
Біз әлі де Шымкент қаласының тұрғындары үшін жоспарланған концертімізді өткізуіне мүмкіндік болатынына үміттенеміз. Өйткені, мәдениет – адамдарды біріктіруге және қоғамды дамытуға қызмет етуі тиіс деп есептейміз.
Сіздің назарыңызбен бұл мәселе объективті түрде және заң талаптарына қатаң сәйкес қаралады деп сенеміз!" деді.