Онкология — үкім емес. Сарапшылардың айтуынша, рак ауруы жасарып келеді. Десе де аман қалу көрсеткіші өскені байқалады деп жазады Democrat.kz.
Ғылыми жетістіктерге қарамастан жаман аурудың атын естіген адамдарда қорқыныш әлі де басым. Дәрігерлердің пікірінше, дәл осы қорқыныш ерте диагностика мен емдеуге кедергі жасайтын басты фактор. Caravan.kz медиа порталының тілшісі дәрігер маман мен рак ауруын жеңген батыл қыздың оқиғасын негізге алып тақырыпты зерттеп көрді.
Рак жасарып келеді
Денсаулық сақтау министрлігінің деректері бойынша, Қазақстанда жыл сайын 40 мыңға жуық жаңа онкологиялық жағдай тіркеледі. Орта есеппен күніне 110 диагноз. Пациенттердің орташа жасы — 57 жас, алайда 40 жасқа дейінгі адамдар арасында да жағдайлар көбейіп келеді. Мамандардың айтуынша, бұл алаңдатарлық сигнал. Сонымен қатар аман қалу көрсеткіші де өсіп отыр. 2010 жылы бес жылдық аман қалу 42% болса, 2024 жылы — 58%. Яғни, әр екінші пациент диагноз қойылғаннан кейін бес жылдан да ұзақ өмір сүріп жатыр.