Әсия есімді діндар қыз екі күннен бері әлеуметтік желіде айтқан сөздері үшін "таланып жатыр" деп жазады Democrat.kz.
"Оңтүстіктің адамдары - барлығы актер, актрисалар. Маска киіп өмір сүреді. Ешбірі өз өмірімен өмір сүрмейді. Біреу үшін, біреудің сөзі үшін өмір сүреді.
Туысқан, көрші, ел-жұрттың сөзі деп өмір сүреді. Олар - бақытсыз. Олар әлемді, адамдарды жек көреді. Менталитетті жек көреді, өйткені соның ішінде түрмеде өмір сүргендей жүреді.
Өздеріне өздері жасап алған. Өз қалағандай өмір сүрмейді. "Ойбай, анадан ұят, мынау не дейді" деумен жүреді. Соларды көрем де, күлкім келеді" дейді діндар Әсия.
Хиджабтағы қыздың бұл сөздері оңтүстік өңірдің адамдарына ұнамағаны сондай, "бізді тәрбиелемекші ме", "кешірім сұрап отырма", "біздей болып ал" дегенге саятын пікір жазуда.