"Оңтүстіктің еркектері қатын сияқты" деген астаналық қыздың сөздері қызу талқыға түсті

"Оңтүстіктің еркектері қатын сияқты" деген астаналық қыздың сөздері қызу талқыға түсті
Әлеуметтік желіде астаналық қыз оңтүстік өңірдің еркектері мен әйелдеріне тіл тигізіп, арнайы видео жариялап, қызу талқыға түсті деп жазады Democrat.kz.
 
ТикТок әлеуметтік желісіне Saeka_saeka атымен тіркелген астаналық қыз оңтүстіктің адамдарын жек көретінін айтып, оның себебін: "Маған югтың адамдары ұнамайды, жек көремін. "Сенің нөміріңді тауып алдым, сен Астанада тұрасың" деп мені біреуі қорқытқысы келеді.
 
Южандар туралы айтқаным үшін. Сендер югтың еркектері қатын сияқтысыңдар ғой. 
Шындықты айтса, шымбайларыңа батады, иә? 
Мен итіммен сыртқа шықсам, жабайысыңдар ғой южандар, беттеріңде жазылып тұрады "Шымкент" деп.
Ит көрмегендей, "ит!" Деп. 
 
Югтың қызын да, ұлын да жек көремін. Маған ұнамайды олар. Өлсеңдер, өліп кетіңдер, ал!" Деп түсіндірді. 
 
Астаналық бұл қыздың пікірін қолдап жатқандар да, ашуға ерік беріп, ауыр сөздер жазып жатқандар да бар. 
 
 
 
Барлық жаңалықтар