ӨҚМ бизнес-қоғамдастықпен бірлесіп, жеңіл өнеркәсіпті дамыту бағдарламасын әзірлеуге кіріседі

ӨҚМ бизнес-қоғамдастықпен бірлесіп, жеңіл өнеркәсіпті дамыту бағдарламасын әзірлеуге кіріседі

Үкіметте ҚР Премьер-министрінің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен экономикалық өсуді қамтамасыз ету жөніндегі штаб отырысы өтті деп жазады Democrat.kz.

Онда жеңіл өнеркәсіпті дамыту мәселесі қаралды.

Талқылауға салалық қауымдастықтардың, оның ішінде «Qaz Textile Industry» жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарының ұлттық бірлестігі» өзін-өзі реттейтін ұйымының және «Жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарының өзін-өзі реттейтін ұйымы» ЗТБ және саланың ірі кәсіпорындарының, оның ішінде «AZALA Group» МК, «Qazaq Tigin Fabrikasy» ЖШС, «Қазжеңілөнеркәсіп-Алматы» ЖШС, «Глобал-Арнайыкиім» ЖШС, «ТаразТеріАяқкиім» ЖШС төрағалары және басқалар қатысты.

 

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің мәліметінше, соңғы бес жылда жеңіл өнеркәсіп тұрақты дамуды көрсетіп келеді. 2025 жылдың қорытындысы бойынша өндіріс көлемі НКИ-нің 3%-ға өсу жоспарымен 13,2%-ға өсіп, 260 млрд теңгеге жетті. Өңдеу өнеркәсібінің құрылымындағы жеңіл өнеркәсіптің үлесі – 0,8%. Айта кетсек, жеңіл өнеркәсіп құрылымында 60%-дан астам тоқыма өндірісі, 32% – киім өндірісі және 6,5% аяқ киім мен былғарыдан жасалған бұйым өндіріледі. Кәсіпорындардың 97%-дан астамы шағын бизнес субъектілері.

Барлық жаңалықтар