Оқу ағарту министрі ескі шешімнің қайт қаралатынын мәлімдеді

Оқу ағарту министрі ескі шешімнің қайт қаралатынын мәлімдеді

Оқу-ағарту министрлігі мектептегі «География» пәніне қатысты бұрын қабылданған шешімді қайта қарауда. Пәнді міндетті пәндер қатарына қайтару жоспарланып отыр. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Жулдыз Сулейменованың «Казахстанская правда» газетінде жарияланған авторлық мақаласында айтылған, деп хабарлайды Democrat.kz. сайты Педагог-KZ.-ке сілтеме жасап. 

Министрдің айтуынша, алдағы кезеңде «Қазақстан географиясы» пәнін толық көлемде оқыту бойынша жұмыстар жүргізіледі.

Пәнді қайта енгізу оқушылардың аналитикалық және сыни ойлау дағдыларын қалыптастыруға, сондай-ақ жаһандық білім беру үрдістеріне сәйкес келетін құзыреттерді дамытуға бағытталғаны атап өтілді. 

Барлық жаңалықтар