Оқулықтағы "быламық" баланың "тісін сындырып", тілінен алыстатуда

Оқулықтағы "быламық" баланың "тісін сындырып", тілінен алыстатуда
Танымал жазушы Самал Зікірияқызы Шаймерденова мемлекеттік тіл мәселесіне қатысты жазба жариялап, білім саласындағы олқылықтарды сөз етті деп жазады Democrat.kz. 
 
"Қазақша жаза берсе қайтеді екен, и?!
Қазақша пікір жазатын қазақтар да сұмдық. Ысырап болған қайран 11 жыл Сауатсыздар мекені ме деп шошимын кейде, елімді.
 
Диктантты алып тастаңдар!
Мазмұндаманы ұмытыңдар!
Шығарма к черту!
Эссе жазыңдар, эссе! 2-сыныптан бастап кетіңдер!
 
Грамматиканы етегіне салып, араластырып-араластырып, шымшып, әр сыныптың оқулығына сеуіп, қалғанын талтайып тұрып сілкіп тастағандай. “Не керек грамматика? Кімге керек? Тірі жүрсе болды емес пе!” деген сияқты…
 
“Мұғалім кінәлі!” деуші болмаңыздар!
Бағдарлама, оқулық, система, сапа т. т жайлы жазған мақалаларымызды ешбір баспа БАСПАЙДЫ! “Не время!” деген де болды. Біз сондаймыз!
 
Өлердей қателесеміз, өлердей өкінеміз! Бұл екі процесс мінгеспеуі, жарыспауы, озбауы керек.
 
Жалғыз ғана мысал: 8 - сынып, қазақ тілі оқулығы. Гр. тақырып: орфография, астында – жалқы есім. Түсініп көр. Қылаяғы тіл білімінің жүйесі де сақталмайды.
 
Лексика өтіп тұрасың да, “оппа” деп морфологияға қарғисың. Қанша шебер болсаң да үйлестіре де, түсіндіре де алмайсың. Жүйкең тозады.
 
Көже мен ботқаны араластырып, шалапқа қосып, балаға қойырпақ бергендей күй кешеміз.
Құлазимыз. Амалдаймыз. Жанталасамыз. Барынша түсіндіруге тырысамыз. Сырғып, жылжып сабақ өту жоқ. Күнде шегініспен сабақ өтеміз. Шегіністер де шегеленбейді миға.
 
“Миға шабуыл” деген термин бар бағдарламада. Тәсіл түрі. Күлкім келеді. Онсыз да күнде шабуыл ғой. “Шабуыл” деген сөздің этимологиясын білмейтін қандай дүмбілез аударды екен осыны?
 
“Кері байланыс; Оқылым; Жазылым; Айтылым” деген сөздерді аударғандар сөздің лексикалық мәнін жұтқаны былай тұрсын, тұйық етістіктің – у жұрнағынан хабарсыз болғаны ғой. Не сөз ол? “Айтылуы, Оқылуы,
 
"Ауызша тапсырма” десе сән емес пе? Байланыс қалайша КЕРІ болады? Түсіндіретін кім бар?
Осы былықтың ішінде жүрген қайран мұғалімдердің кемі мыңы болмаса да жүзі айтады, жазады болашақта. Ана бір кісі айтпақшы, қазір “НЕ ВРЕМЯ”…деп жазды Самал Зікірияқызы. 
 
Барлық жаңалықтар