"Оқушыға қойлатын өтірік баға": "Бұл - мұғалімді билегісі келген биліктің көпірме тірлігі"дейді білікті ұстаз

"Оқушыға қойлатын өтірік баға": "Бұл - мұғалімді билегісі келген биліктің көпірме тірлігі"дейді білікті ұстаз

Ақпараттық порталымызда жарияланған "Оқушыға рейтинг үшін, пайыздық көрсеткіш үшін бағалар өтірік қойылатыны" туралы мақала жарияланған еді. Сол мақалада айтылған мәселеге қатысты білікті ұстаз Мира Барказатқызы төмендегідей пікір білдірді деп жазады Democrat.kz. 

“Иә, жаңартылған бағдарламада қате жоқ, бәрі керемет” деу үшін 65%-дан түсірмейтін ауызша айтылатын бұйрық бар.

Сондықтан мұғалімдер ТЖБ тексермейді, мемлекеттік мектептерде бәрін тексеруге мүмкіндік жоқ, мұғалімнің күші жетпейді. 

24 сағатта 150 оқушының екі пәннен тексергенде 300 оқушыны бір мұғалімнің шамасы жетпейді.

ҚР Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова, бағалау параметрін қайта қарау керек. Оқушының сабақтағы әрекеті 10 балл деп белгіленген, сабақ барысында оқушы әрекетін 10 балл анықтамайды, әділетті емес.

ТЖБ-ны соңғы аптада алу қатеге тағы ұрындырады, науқан. ТЖБ білімнің сапасын дәл көрсетпейді. Биліктің ауызша беретін 65 %-ын күллі мұғалім орындамау керек.

Білім сапасын таза көрсеткен мұғалімнің нәтижесі үш жылда шарықтап өседі. Жалпы мектепке менеджер керек, билік ету керек емес.

Қазіргі билік мұғалімді билеймін деп, шамадан тыс көпіреді. Ондағысы “жақсы басқарып отырмын” дегені. Жалпы мұғалімге жұмыс жасауға мүмкіндік беру керек" дейді Мира Барказатқызы.

Барлық жаңалықтар