"Қазіргі оқушыларға өтірік баға қойылып" жүргені туралы Democrat.kz. ақпараттық порталында жарияланған мақалаға байланысты қоғам белсендісі Серік Мұқышев өткір пікір білдіріпті. Назарларыңызға сол пікірді ұсынамыз деп жазады Democrat.kz.
"Мұғалім мамандығын кезінде саналы түрде оқыса білім беруді ұнатып, ал соңғы 10-15 жыл көлемінде күнкөріс үшін диплом сатып алып білімнің былығын шығарды.
Әсіресе бұл құбылыс ауылдық елді мекендердегі рушылдықпен жиі байланысты. Дипломы жалған екенін біле тұра, білімге жанашырлығы жоқ кейбір ашкөз директорлар соны жеке әмиянына айналдырып алған.
"Берсең істейсің бермесең құрисың" қарындарын қампитып жүр. Сол құныққандықтың кесірінен емес пе Түркістан Облысының Білім Басқармасы на қарасты білім ордаларында таза дипломы болсын, жоғары санаты болсын, жетістіктері болса да өкінішке орай 2-3 миллион теңге пара берген топастарды мұғалім қылып алуда.
Оқығаны мен жинағаны жоқ "САМОПАЛ" мұғалімдерден қандай білім сапасын күтуге болады құрметті бас ұстаз Жұлдыз Сүлейменова ???
Білім жанашыры ретінде сізге өтінерім ҚР-ның білімді қадағалаушы министрлігінен бастап білім саласына тиесілі ОББ, ҚББ, АББ басшылық қызметтері мен білім сапасын қадағалаушы әдістемелік кабинет меңгерушілерін, директорлар, орынбасарлар мен әдіскерлер, мұғалімдер мен лаборанттардың дипломдарына толық базалық тексеру үшін арнайы сараптамалық топ құрылып түбіртектері жалған болса білімнен алыстатып қатаң әкімшілік шара көргеніңіз дұрыс.
Себебі білімнің фундаменті осал болса бір күні үсті үстіне реформаланып салынып жатқан көпэтажды ғимарат опырылып түседі. Оның өмірлік қасіретін мына біздің ұрпақтарымыз көреді"дейді Серік Мұқышев.