Threads әлеуметтік желісінде оқушы болса керек, кей мұғалімдердің оқушыны басынып, қысым көрсететін сорақы әрекеттері туралы жазба жариялап, бұл жазбаға қатысты қатарластары түрлі пікірлер жазуда деп жазады Democrat.kz.
million_sn атымен тіркелген желі қолданушы: "Оқушы ойыншық емес, өз қалауын жасататын. Барлық мұғалімдер демеймін кей мұғалімдер оқушыны басынады, өз қалауларын орындатқызады.
Қарапайым жарыстарды айталық мектепшілік кезең өткізіп барып, ең жүйрігін алып баратын мұғалімдер бар және ОҚУШЫНЫҢ ҚАЛАУЫНСЫЗ ТАПСЫРМА БЕРІП, МІНДЕТТЕЙТІН МҰҒАЛІМДЕР БАР.
Егер оқушы ұнатқан тақырып болса оқушы жан тәнімен кірісіп өз жобасын қорғап шыға алады және орын алатыны сөзсіз. Қинап қатыстырып, барды ма барды дегеннен не пайда?"деп жазды.
Осы жазбаға қатысты басқа да оқушылар төмендегідей пікірлер жазып, мұғалімдерінің жағымсыз тірліктерін тізіп жазды:
"Егер жарысқа бармасаң тоқсандығыңды қорытпаймын, аттестатыңды бермейміз деген әңгімелер де бар екені өтірік емес! Иә оқушыны қызықтыру керек, түрлі жарыстарға апару керек бірақ қинап емес. Оқушы да адам оның да таңдау құқығы бар олар да жоқ деп айта алады.Мына жазбада оқушы ҰБТ-ға дайындаламын, қатыспаймын десе де мұғалімі қинап түрлі қорқытулармен, ұрысулармен жарысқа қатысуын міндеттеп тұр. Мұғалімнің оқушыға жазған перепискаларын көрсеткім келген дегенмен сол баяғыша оқушы қорқады"
"Мұғалімдер оқушыны кемсітіп,жеке шекарасына өтеді. Менде де мұндай жағдай болды бірақ жарыс жөнінде емес Директор апайым “көкірегіңе нан піскен, көкбетсің”-деп айтқаны әлі де есімде.9-11- сыныпқа келгендегі жырды айтпасамда белгілі. Сен оқи алмайсың, ҰБТ-дан қадалып мектептің рейтингін құлатасың. Осылай қаншама оқушыны колледжге жібереді оқушы жоғарғы оқу орнына түскісі келсе де ол үшін шешімді мектеп, мұғалім қабылдайды!"
"Оқушылар үшін 11 сынып ҰБТ-ға дайындалып жүрген кезеңде байқау өте ауыр.Осыдан 1 жыл бұрын,10 сынып оқып жүрген кезімде өзімнің қалауымсыз осы Яссауидің 40 хикметіне жазып қояды.1 орын алуын қажет деп шарт қойды.Тілі өте ауыр,одан басқа 100сұрағы бар,ол кезде өзімнің курсым бар еді..Бар зейінімді осы хикметке қойып күндіз-түні жаттаумен болдым,ұйқым тыныш болмады…Солай бар сабақты тастап жібердім.Сол үшін ҰБТ-ға дайындық барысында байқауларды бір жерге ысыру керек.Ұстаз оқушы ойымен санасу қажет"
"Бізде қазақ тілі ж/е әдебиет апай оқушылардан шоколад сұрайды жай шоколад емес еще милка 4000-5000 тг турады еще ол. Оқушылар сабақ үстінде телефонмен әлде қандай себеппен сабақта апа ұрысады не 2-5 балл қойып тастаймын деп қорқытады. Кейбір оқушыдан апай қоймай тұрасыз ба десе онда милка шоколад алып кел дейді"