Алматының іргесіндегі Қарасай ауданына қарасты "Жаңа тұрмыс" мектебінің қазіргі мүшкіл жағдайының салдарынан оқушылары зардап шегіп отыр екен. Бұл туралы сол мектептің ұстазы Айман Сағидулла мәлімдеп, тиісті мекеме басшыларынан көмек сұрады деп жазады Democrat.kz.
Танымал белсенді педагог Айман Сағидулланың айтуынша, мектептің жағдайының соншалықты нашар екенін айтқанына 5 жылдай уақыт болса да, бүгінге дейін өзгерген ештеңе жоқ.
"Мен кімге айтпадым, кімге көрсетпедім?
Биыл ғана бейнежазба жарияладым. Төбесінен су тамшылап тұр.
Мектеп аттестаттаудан екі рет өтпей қалды. Санитарлық талаптарға сай емес екен.
Сынып бөлмелерінде су жоқ. Дәретхананың саны балалар санына сәйкес келмейді.
Төбеден су тамшылағаннан сылақтар қабыршақтанған. Қоқыс шығару үшін қоқыс көлігі өтетін жолдар дұрыс емес. Сыртқы спорт алаңы да дұрыс жабдықталмаған.
Айта берсе көп енді. Денешынықтыру сабағында балалар киінетін бөлме дұрыс емес дейді.
Оны бұлар айтпай ,көрмей тұрып мен айтып тастастағанмын.
Дұрыс ! Бұндай мектепте сабақ оқыту дұрыс емес.
Облыстық бақылау департаменті осыларды түзетуге директорға уақыт беріпті.
Сол уақыт аралығында директор реттей алмапты.
Директор мектептің шатырын алып тастап ,қайта шатыр орната алмайды. Оны жақсы білесіздер.
Енді үшінші рет өтпесе мүлдем жағдай қиын екен.
Әңгіменің қысқасы осы мәселе үшін балаларға аттестат бере алмай отырмыз.
Басқа мектептің атынан береміз.
Балалардың қандай кінәсі бар сонда? 11 жыл оқыған мектебінің аты жазылмайды аттестатқа.
Бұның бәрі заңды. Заңмен жасалып отыр.
Асхат Аймағамбетов мырза! Сізді белгілеуімнің себебі де осы.
Бұл заңдарды кім дайындаған? Заңдарын қарап көріңізші.
Дұрыс! Мектеп жарамсыз. Ол үшін оқушыларды жазалап, аттестаттан қағудың қажеті бар ма?
Өтірік кімге керек?
Мамыр айының он жетісі. Осы кезге дейін Жаңатұрмыс мектебінде оқыды.
Бүкіл қағазды қайта жасап, басқа мектептің аттестатын береді.
Кімді кім алдап отыр?
Мектептің жарамсыз екенін білген бойда неге Бақылау департаменті әкімге, Алматы Облысының Білім Басқармасына хабарлап , мектептің жағдайын жасап беруді талап етпейді?
Неге заң осы нәрсені реттемейді?
Мектептің лицензиясы мен оқушының аттестатына көз тіккенше.
Мектептің жарамсыз екенін айтып, зарлағаныма 5 жыл болды ғой. Телеарналарда да айттым.
Бұл мемлекеттік мекеме .
Мектеп басшылығы сұраныс жазғандарын айтады. Нәтижені көріп отырсыздар.
Жұлдыз Досбергенқызы Сүлейменова ханым!
Келесі оқу жылы не болады?
Мектеп бала қабылдай ма, қабылдай алмай ма?
Қабылдай алмаса, 70-ке жуық қызметкер, 545 бала қайда барады?
Мен 1 мектепті ғана айтып отырмын. Ауданда 7 мектеп. Облыста қанша екенін ойлана беріңіздер.
Осындай жағдайдағы мектептерді анықтап, Бақылау департаменттері Білім Басқармалары мен әкімдікке хабарлап, реттеуге неге жұмыс жасамайды?
Жұлдыз ханым!
Бұл мәселеге назар аударуыңызды сұраймын!
Біздің мектепке және дәл осындай жағдайдағы мектептерге бірінші орында, осы жаздан қалдырмай , жөндеу жұмыстары жасалуы керек. Санитарлық талаптарға сәйкес.
Әйтпесе күзде аттестаттаудан үшінші рет өтпей қаламыз.
Өтпесек лицензиядан айырыламыз. Мектеп жұмыс істеуін тоқтатады.
Асхат мырза! Заңдарды реттеуге көмек көрсетіңізші.
Мемлекеттік мектептердің осындай мәселесін оқушының аттестаты мен немесе мектептің лицензиясымен емес, әкім мен Білім Басқармасының қаражатымен шешетіндей жағдай жасалуы керек.
Бұл ауылда адам саны көп, бір ғана мектеп.
Сапаны Қамтамасыз Ету Департаменті
төбесінен су тамшылаған осы мектепте Pirls бен PISA өткізді. Ал, аттестат бергізбей отыр.
Халықаралық тестке жараған мектеп ,аттестат беруге жарамады",
дейді Айман Сағидулла.