"Оқушым әнұранды аяғымен мыжып, қорлады" деген педагог масқара жағдайды айтты

"Оқушым әнұранды аяғымен мыжып, қорлады" деген педагог масқара жағдайды айтты

Орыс сыныбын сабақ беретін мұғалім сынып оқушысының сорақы әрекетін айтып, жазба жариялады деп жазады Democrat.kz.

"Мен орыс сыныбына заменаға сабақ берген едім . Сынып сағатында ән ұран жаттасын деді завучтар. Жаттатып жатыр едім, бір оқушы ән ұран жазылған парақты аяғымен мыжып, жаттамаймын екі қойыңыз , маған бәрібір деді.

Күндегіліне 2 қойып едім, түстен кейін мамасын ертіп келіпті. Сразу учасковый шақырттым да, жағдайды баяндап, ескерту бергіздім мамасына. Бұл жерде ұлттарды бөлмедім.

Тек, Конституция бойынша бекітілген рәміздеріміз бен әнұранымызды аяққа таптау қылмыс болып саналады. Кәмелетке толмаған оқушының бұл жасаған әрекеті үшін ата-анасы жазаланса, бала да мәселенің салмақты екенін түсінер еді дегім келген"деп жазады алакөлдік мұғалім Threads парақшасында. 

Мұғалімнің бұл жазбасын "дұрыс істегенсің", "мемлекеттік рәміздерді қорлау заңмен қудаланады", "өте дұрыс" деп қолдап жатқандар көп. 

Барлық жаңалықтар