Оқушыны өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізген 3 адамға сот үкімі шықты

Оқушыны өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізген 3 адамға сот үкімі шықты

Жамбыл облысында кәмелетке толмаған баланы өзіне-өзі өлтіруге дейін жеткізген үш тұлғаға үкім шықты, деп хабарлайды Democrat.kz. сайты Orda.kz. -ке сілтеме жасап. 

Бас прокуратуа мәліметінше, өткен жылдың сәуір айында Жамбыл ауданы Тастөбе ауылында  9-сынып оқушысы үйінің ауласындағы сарайда өзі-өзіне қол жұмсаған.

«Өзіне-өзі өлтіруге дейін жеткізу» бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру нәтижесінде осы ауылдың 22 жастағы тұрғыны, сондай-ақ 10-11 сыныптың екі оқушысы күдікті деп танылды.

«Жүргізілген  тергеу 7–11 сынып оқушылары арасында «бейресми көшбасшылардың» және «көшелік ұғыммен өмір сүру» тәртібінің қалыптасуы бар екенін, бұл кей жағдайда жастар арасында қалыпты жағдай ретінде қабылданатынын көрсетті», деп хабарлады Бас прокуратура. 

Марқұм мектеп оқушысы үлкендер тарапынан жүйелі түрде қысым көрген. Тіпті оны түрлі жұмыстар істеуге мәжбүрлеген. 

Қайғылы оқиғаға дейін кәмелетке толмаған жасөспірім жастар арасында «авторитет» ретінде танылған азаматтың үйінде мәжбүрлі түрде құрылыс жұмыстарын жасаған.

Жамбыл облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2026 жылғы 16 сәуірдегі үкімімен олар кәмелетке толмағанды өзіне-өзі өлтіруге дейін жеткізгені үшін кінәлі деп танылды.

22 жастағы жігіт 8 жылға, ал оның кәмелетке толмаған екі сыбайласы 5 жылға түрмеге тоғытылды.

 

Барлық жаңалықтар