Оқушысына сексуалдық хат жазған директор ұсталды

Оқушысына сексуалдық хат жазған директор ұсталды

Білдей білім ошағын басқарып, өзгелерге білімі мен тәрбиесімен үлгі болуға тиіс мектеп директорының сұмдық әрекеті қызу талқыланып жатыр. Оқиға Өзбекстанның Юкоричирчик ауданында болған деп жазады Democrat.kz.

Өзбекстанның Юкоричирчик ауданындағы №24 мектептің 38 жастағы директоры оқушысымен хат жазысып, оған сексуалдық сипаттағы хабарламалар жібергені әшкере болды. 

Сот оның ісін қарау барысында, ол telegram арқылы мектеп оқушысымен хат алмасып, оған сексуалдық сипаттағы хабарламалар жібергенін анықтаған.

Сот отырысында ер адам мұны "тәрбие мақсатында" жазғанын мәлімдеді, өкініп, жазаны жеңілдетуді сұрады. Сот оны кінәлі деп тауып (жыныстық қудалау) 5 күндік әкімшілік қамауға алуды тағайындады

Сот шешімінен кейін директордың жұмыстан шығарылғаны туралы әлі ақпарат жоқ.

Әлеуметтік желіде өзбек халқы директордың бұл сорақы әрекетіне наразылық танытып, ондай адамды өмірінің соңына дейін білім саласына жолатпау керегін айтуда. 

Барлық жаңалықтар