Орал тұрғындары екінші апта ыстық сусыз отыр: ЖЭО-ның газға 3,5 млрд теңге қарызы бар

Орал тұрғындары екінші апта ыстық сусыз отыр: ЖЭО-ның газға 3,5 млрд теңге қарызы бар

Оралдағы жылу электр орталығы газсыз қалып, қала тұрғындары екінші апта бойы ыстық сусыз отыр. Кәсіпорынның QazaqGaz Aimaq алдындағы табиғи газ қарызы шамамен 3,5 млрд теңгеге жеткен, деп жазады Democrat.kz.

ЖЭО-да 13 қыркүйекте 2026–2027 жылғы жылыту маусымына дайындық аясында негізгі жабдық жоспарлы түрде тоқтатылған.

Станцияны бастапқыда 21 қыркүйекте іске қосу жоспарланған.

Алайда іске қосу кезеңінде газбен жабдықтауға байланысты мәселе туындаған. Осы кезде жылумен қамту кәсіпорнының табиғи газ үшін миллиардтаған теңге қарызы бар екені белгілі болды.

Kazinform мәліметінше, қарыз шамамен 3,5 млрд теңгені құрайды.

Нәтижесінде қала тұрғындары екінші апта ыстық сусыз отыр.

Жергілікті билік пен кәсіпорын жылыту маусымы басталғанға дейін жағдайды реттеу мәселесін қарастырып жатыр. 

Барлық жаңалықтар