Оралда жігіт бұрынғы қызын бопсалап, 9 млн теңге алған

Оралда жігіт бұрынғы қызын бопсалап, 9 млн теңге алған

БҚО Полиция департаментінің мәліметінше, күдікті бұрынғы сүйіктісін интим сипаттағы суреттерін жариялаймын деп қорқытып, үш жыл бойы ақша талап етіп келген.

Осы уақыт аралығында жәбірленуші оған 9 млн теңге беруге мәжбүр болған.

Бопсалау фактілері банктік аударымдар мен мессенджердегі хат-хабарлар арқылы дәлелденді.

– Күдікті 150 мың теңге көлеміндегі ақшаны кезекті рет алған сәтінде ұсталды. Қазіргі уақытта қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүріп жатыр. Іс департамент басшылығының бақылауында, – деп хабарлады полиция.

 

Democrat.kz

Барлық жаңалықтар