Оралдағы кей директор мектебін оқушыдан қызғана ма, бұл қалай?

Оралдағы кей директор мектебін оқушыдан қызғана ма, бұл қалай?
Орал қаласындағы кей мектептер оқушыларды қабылдамай, жұртты әуреге салуда деп жазады Democrat.kz.
 
Орал қаласындағы кей мектептер "Білім басқармасының бұйрығы бар" деген себеппен оқушыларды өз мектептеріне алмай отыр. Бұл туралы оралдық белсенді ұстаз Тілекқабыл Нұрышов әлеуметтік желі парақшасында жазды. 
 
"Басталды....
Жыл сайын осы ән! Оқушыдан мектепті қызғанатын директорларға Орал қалалық Білім бөліміне  Ата Заңның 30-бабын білетін басшы қашан келер екен?!
 
Алия Зулкарнаевна Кайржанова ханым отыр "горононың бұйрығы бар, мектептерді  микрорайонға бөлген" деп ....
Акжаркын Темирханова ханым, сол тура Сіздің кезіңіздегі жағдай..." деп жазған Тілекқабыл Нұрышов Оқу ағарту министрлігінің бұл мәселені назарға алуын сұрады. 
 
Барлық жаңалықтар