Оранғандарды "аулау" басталды

Оранғандарды "аулау"  басталды

Қазақстанда никаб кигені үшін әкімшілік жауапкершілікке тарту басталды. Бұл туралы Сенат кулуарында Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов мәлімдеді деп жазады Democrat.kz. сайты Newtimes.kz.-ке сілтеме жасап.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта полиция қызметкерлері тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Соған қарамастан, жауапкершілікке тартылғандар да бар.

— Никабқа қатысты әкімшілік жауапкершілік қарастырылғаны белгілі. Қазіргі уақытта бұл жұмыс басталды. Полиция қызметкерлері түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Әкімшілік жауапкершілікке 21 адам тартылды, — деді Әділов.

Вице-министрдің айтуынша, бұл құқық бұзушылық үшін айыппұл көзделген.

— Аталған құқық бұзушылық бойынша айыппұл қарастырылған. Оның мөлшері — 10 АЕК, — деп нақтылады ол.

Еске салсақ, 2025 жылдың шілде айында Қазақстанда қоғамдық орындарда никаб киюге ресми түрде тыйым салынған болатын. Осыған байланысты заң талаптарын бұзған азаматтарға әкімшілік жаза қолданылуда.

Барлық жаңалықтар