Жыл сайын ораза айында елімізде болып тұратын келіспеушіліктердің ауқымы биыл тіпті үлкейе түскен сыңайлы. Әлеуметтік желіде биылғы оразада көптеген дәмханалар ораза ұстамаған басқа азаматтардың құқығын бұзып жатқаны туралы проблема айтыла бастады деп жазады Democrat.kz.
Threads әлеуметтік желісінде qazaq.soul.kz атымен тіркелген азамат ораза кезінде тамақ бермейтін дәмханаларға заңды түрде жаза кесуді сұрап, жазба жариялады.
"Есігі ашық, бірақ ауыз ашу уақытына дейін басқа адамдарға тамақ бермей отырған кафе, ресторан, дәмханаларға заңды тұрғыда жаза беруді сұраймын.
Ифтардан кейін ғана тамақ береміз деп, ашық тұрған дәмханалар ораза ұстамаған кісілердің құқығын таптап отырғанын біле ме?
Біз ислам мемлекетінде өмір сүріп жатқан жоқпыз, естеріңді жиыңдар! Қазақстан зайырлы мемлекет. Дәмханаң ашық тұр ма, олай болса, ораза ұстамаған кісіге тамақ беруге тиіссіңдер. Ораза ұстамаған кісінің құқығын бұзбаңдар!" деп жазды.
Бұл жазбаны қолдаушылардан гөрі, керісінше "ораза ұстаған кісіні құрметте!"дегенді білдіретін өктем пікірлер көптеп жазылуда.




