Танымал әнші, композитор, продюсер Ұлықпан Жолдасовтың жолдастарымен бір ауызашардағы әрекеті жұрттың ренішін тудырып, қызу талқыға түсті деп жазады Democrat.kz.
Жолдастары мен достарының арасында ауызашар уақытында Ұлықпан Жолдасов бата бере алмай, ұятқа қалды.
Айналасындағы бата сұрағандардың көңілін жықпайын деді ме, әнші: "Ал, ауыздарыңды ашайын деп жатсыңдар ғой. Берекесін берсін. Алла амандығын берсін. Бүгінгі концертіміз жақсы өтсін", деп күліп бетін сипаған әншінің бұл әрекеті жұртқа жақпай қалды.
"Әжептәуір жасқа келіп, дұрыстап бата беруді де білмейді", "оразаны мазақ етіп отырғаны несі", "несіне сонша күліп отыр", "күлетін нәрсе ме осы" дегенге саятын пікір жазғандар әншінің бата бере алмауын сынға алды.