"Өрлеу"АҚ Басқарма төрағасы Айдана Шилибекова қызметтен кетті, деп хабарлайды Democrat.kz.
Бұл туралы Айдана Шилибекованың өзі: "Бүгін мен "Өрлеу" АҚ Басқарма Төрағасы ретіндегі қызметімді ресми түрде аяқтадым. Бұл кезең Мен үшін үлкен жауапкершілік пен кәсіби өсуге толы маңызды кезең болды. Мен сенім білдіргендердің барлығына және біз бірге жұмыс істеген әріптестеріме шын жүректен алғыс айтамын", — деп жазды.
Айдана Шилибекова бұл қызметке екі жыл бұрын, 2024 жылдың мамырында тағайындалды.
Оның ақпараты бойынша, осы уақыт ішінде "Өрлеу" орталығында институционалдық базаны нығайтуды және білім беру бағдарламаларының сапасын арттыруды қоса алғанда, дамудың негізгі бағыттары іске асырылды, оның ішінде Түркістан облысында жаңа филиал ашу, мемлекеттік бастамаларға қатысу, процестерді белсенді цифрландыру, ғылыми қызмет пен халықаралық ынтымақтастықты дамыту, кәсіби педагогикалық қоғамдастықты қолдау, сондай-ақ ашықтық пен қоғаммен байланысты кеңейту.