Орта жастағы ата-енелердің келін жұмсап, бір үйде тұруы - жастарға жасалған қиянат емес пе?

Орта жастағы ата-енелердің келін жұмсап, бір үйде тұруы - жастарға жасалған қиянат емес пе?

Жас жұбайлардың ата-анасымен бірге тұруы дұрыс па? Осы сұраққа қатысты қоғам белсендісі Сәбит Рысбаев жауап беріп, пікір білдірді деп жазады Democrat.kz.

"Кейде ойлаймын. Осы қазақтың кейбір жастарының көрген өмірлері құрысын деп. 50-55 жастағы әке шешелер бар. Балаларын үйлендіреді. Келінді тәрбиелейік.

Бірдеңе шірдеңе деп жастармен бірге тұрады. Аяқ қолдары сау. Өз тамақтарын жасап іше алатын. Жұмысқа барып келіп жүрген адамдар мүгедек болып қалады. Келін жұмсап қызығын көреді екен.

Жалғыз болса ғой мейлі дейсің. 70-80 ге келсе де жарайды дейсің. 50 жас деген орта жас қой. Неге біреудің мәпелеп өсірген қызын құл қылу керексің? Жастар өздері болғысы келетін шығар.

 Ұят та болса айтайын. Жас әке шешемен бір үйде болған соң түнде де жеке қала алмайды ғой адам. Солай жастық шағы өткен неше қазақ бар. Құдайдың кедейлерге берген жалғыз тегін дүниесін пайдалана алмай.

Бұрында да жастарды бөлек шығарған деп ойлаймын. Киіз үйде тұратын болса да. Қазір 50 жасар адамдар неге жастармен жағаласып бірге тұрады?

Осындай нәрселерді ойласам нервым қозады. Бірден айтайын. Маған қатысы жоқ. Әкем ерте қайтыс болған. Бірақ 1 бөлмелі пәтерде әке шешесімен бірге тұрған жас жанұяны көргенмін.

Мыналар асүйде. Әке шешелері балалармен залда жатады екен. Өлейін деп тұрған шал мен кемпір де емес. 55-60 жасар кісілер болатын" деп жазады Сәбит Рысбаев.

Қоғам белсендісінің бұл жазбасына қатысты жұрттың пікірі түрліше. Бір тарап "келін мен бала ата-анасына қарасып, жанында бірге тұрғаны жөн" десе, енді бір тарап "өте дұрыс, жастарды бірден бөлек шығару керек" деген пікір жазуда. 

 

 

Барлық жаңалықтар