Өскемен – Алтай тасжолында жол үстінде өртенген көлік салдарынан жүргізушілер кептелісте қалды

Өскемен – Алтай тасжолында жол үстінде өртенген көлік салдарынан жүргізушілер кептелісте қалды

Өрт шыққан жерге жақындаған кейбір жүргізушілер бастапқыда көлік кептелісінің неден болғанын түсінбей қалған. Кейін жол үстін қалың түтін басқанын көріп, жеңіл автокөлік өртеніп кеткенін байқаған деп жазады Democrat.kz.

Жүргізушілер біраз уақыт кептелісте тұруға мәжбүр болған. Оқиға орнына жедел қызметтер келіп, тасжолдағы қозғалыс уақытша жабылды. Көлік сөндірілгенімен, ол іс жүзінде толықтай жанып кеткен. Полицияның мәліметінше, жүргізуші зардап шекпеген. Оқиғаға жол-көлік оқиғасы себеп болған.

– «Honda» маркалы көлікті басқарған жүргізуші Өскемен – Алтай автожолының 72-шақырымында қозғалыс жылдамдығын қауіпсіз деңгейде таңдамаған және жол-климаттық жағдайларды (жаңбырды) ескермеген. Соның салдарынан көлікті басқара алмай, артқы осьтің сырғанауына жол беріп, жол қоршауына соғылған. Соқтығысқаннан кейін көлік өртенген. Жүргізушіге Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 620-бабының 1-бөлігі бойынша, осы Кодекстің тарауында көзделмеген Жол қозғалысы қағидаларының талаптарын және көлік құралдарын пайдалануға жіберудің негізгі ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік хаттама толтырылды. Аталған баптың санкциясы ескерту жасауды көздейді, – деп хабарлады Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаменті.

Барлық жаңалықтар