Отбасы банк тағы 300 млрд теңге қарыз тартпақ

Отбасы банк тағы 300 млрд теңге қарыз тартпақ

Отбасы банк 300 млрд теңгеге жаңа облигациялар шығаруды жоспарлап отыр. Бұл сома банктің өз капиталының шамамен 39 пайызына тең, деп жазады Democrat.kz.

Банктің директорлар кеңесі жаңа борыштық бағалы қағаздар шығару туралы шешімді 4 қыркүйекте қабылдаған.

Жоспар бойынша номиналы 1 мың теңге болатын 300 млн қамтамасыз етілмеген купондық облигация шығарылады.

Осылайша жалпы эмиссия көлемі 300 млрд теңгені құрайды.

1 шілдедегі жағдай бойынша Отбасы банктің меншікті капиталы 772,6 млрд теңге болған. Демек жаңа облигациялар көлемі капиталдың шамамен 38,8 пайызына тең.

Банктің жалпы міндеттемелері сол кезде 5,14 трлн теңгені құраған.

Әзірге жаңа облигациялардың сыйақы мөлшерлемесі, айналым мерзімі және нақты орналастыру күні жарияланған жоқ. Тартылатын ақшаның нақты мақсаты да хабарланбады.

Отбасы банк бұған дейін де ипотекалық бағдарламаларды қаржыландыру үшін әлеуметтік облигациялар шығарған. Мысалы, биыл кей шығарылымдар бойынша купондық мөлшерлеме 17,5 пайыз шамасында белгіленген

Барлық жаңалықтар