Әлеуметтік желіде "отбасылы, танымал еркектердің жас қыздарға өздері тиісіп, қырындап, кездесуге шақырған скриндерін жариялау" тренді басталды деп жазады Democrat.kz.
Бұл трендті Threads-тің cargo25.kz атымен тіркелген қолданушысы бастады.
"...ашар жасайықшы. Блогер/танымал адамдардың сендерге жазғанын жіберіңдерші қыздар. Арасында "женатиктер" көп екенін білемін, бірақ дәлелдей алмаймын"деген оның жазбасына он мыңдаған адам лайк қойып, мыңдаған кісі пікірді қарша боратып жатыр.





