Отбасылы еркектің көңілдесі болған қыздар өмірлері туралы сыр шертті

Отбасылы еркектің көңілдесі болған қыздар өмірлері туралы сыр шертті

Әлеуметтік желіде отбасылы еркектің көңілдесі болу қандай болатынын айтқан қыздар шынайы оқиғалары туралы сыр шертісті деп жазады Democrat.kz. 

Threads әлеуметтік желісінде "қыздар, отбасылы еркектің көңілдесі болу қандай? Не таптыңдар?" Деген сауалға мыңдаған кісі пікір жазып, қызу талқыланып жатыр. 

Солардың ішінен өз өмірінен шынайы сыр шерткен бірнеше жазбаны назарларыңызға ұсынамыз. 

  •  

"Мен 18 жаста едім, өзімнен 12 жас үлкен ер адаммен таныстым. Қарым-қатынас басталды, мен тез арада оның үйіне көшіп бардым, бірге шамамен 7 ай тұрдық. Оның жұмысы да сондай еді: бейсенбіден дүйсенбіге дейін қала сыртындағы нысанына кететін, өзінің үйлерінің қалай салынып жатқанын қарайтын. Кейін белгілі болды — ол сол күндері әйеліне барып жүрген екен. Мұны білген бойда, заттарымды жинап алып, ол «жұмыста» жүрген кезде бірден кетіп қалдым".

  •  

"Болған жағдай, әрі бір рет емес. Білесіздер ме, нақты менің жағдайымда бұл психологиялық проблема болды! Маған бала кезден көңіл жетіспеді, әкем ерте қайтыс болды, анам мені әжеме тастап кетті, мені әрдайым байқаса екен дейтінмін. Сөйтіп мен өз травмаларымды осындай еркектермен «жұбата» бастадым. Білесіздер ме, сені басқа біреулер бар болса да таңдайтын сезім! Сыйлық ұтып алғандайсың, бірақ шын мәнінде ішіңде жеңілдің! Көбінесе олар әйелдерімен/қыздарымен қалады, ал сен құр алақан қаласың"!

  •  

"Бұрынғы күйеуімнің көңілдесінің арқасында мен оның шын мәнінде қандай екенін түсіндім, оған өте ризамын, шынымды айтсам. Егер ол болмағанда, мен бұның бәріне тағы бірнеше жыл шыдар ма едім. Сондықтан оның біздің «үшбұрышта» пайда болғанына өте қуаныштымын, ол менің көзімді ашты… енді мен қалыпты, ересек қарым-қатынас құра аламын. Қандай еркек маған лайық екенін де білемін. Оларға бақыт тілеймін, олар үшін шын жүректен қуанамын. Ал менің өмірім енді ғана басталып жатыр, екі айлық сәбиіммен".

  •  

Тамаша! Барлық тұрмыстық міндеттерімді шештім: білім алдым, баламды оқыттым, табыс таптым, баламмен жылына екі рет демалуға мүмкіндігім болды… Ешкімді алып кеткен жоқпын және ниетім де болмады… Бұл — құрал, оны қалай қолданатыныңа байланысты. Мен өмір сапасын жақсарту үшін қолдандым, маған солай ыңғайлы болды".

  •  

"Бастапқы кезде бәрі ғажайып, ертегідегідей болды. Қымбат сыйлықтар, зәулім үй, машина. Оның жолын сағаттап күтетінмін. Біз бірге боламыз деп ойладым. Алайда...ол бәрібір әйелін таңдады. Ал мені тек көңіл көтеру үшін пайдаланды..."

  •  

"Өмірімде ең үлкен өкінішім отбасылы еркектің көңілдесі болғаным. Мен онымен бірге боламын деп бақандай жиырма үш жылымды жоғалттым. "Әйелім науқас, тастап кете алмаймын" дейтін. Мен де оның сол сөзіне сендім. Оны шексіз сүйгенім сондай, екі бала тудым. Бастапқыда бәрі керемет болды. Ақшалай керегімше жәрдем ететін. Үйлену мәселесі жылдар бойы созылды. Бір күні ол қызметінен айырылып, түрмеден әрең құтылып, қиын жағдайға тап болды. Сол күннен бастап, одан туған еі баланы өзім өсіріп, бар қиындықты жалғыз арқаладым. Оның "науқас" деген әйелі біз туралы білген күні шарт қойды. "Не қызметіңе қайта ораласың, бірақ көңілдесті қойып, отбасыңмен боласың. Не осылай қаңғып қаласың" деген шарт қойған. Ол әрине, қызмет және отбасын таңдады. Отбасымен Астанаға көшіп кетті. Ал мен некесіз балаларымды бағып, жалғыз қалдым".

  •  

"Қыздар, отбасылы, балалы еркектің көңілдесі болмаңдар! Иә, көңілдес статусынан бір күні әйел статусына өтулерің де мүмкін. Бірақ үлкендердің осындай тірлігінен балалар зардап шегеді. Менің әкем сондай көңілдесіне кетіп, бес бірдей баласын тастап кетті. Шешем жылап, жылап, бұған көндікті. Бірақ біз көне алмадық. Тоқалдан туған балаларымен әкемнің суреттерін әлеуметтік желіде көрген сайын ішіміз бордай езіліп, сөзбен айтып жеткізе алмас күйге түсеміз. Біздің әкемізді сағынып жылағанымыз, біздің ешкімге көрсетпей өксігеніміз қайтарымы жоқ көз жасы емес. Осыны ұмытпаңдар! Сол бізді тастап кеткен әкеміз жетпіске таяған шағында әйелі қайтыс болып, өзі инсульт алып, бейшара халде қалды. Тоқалдың балалары қарағысы келмеді. Сүмірейіп, біздің есігімізді қақты. Мың жерден мойындағыларың келмесе де, тастанды баланың көз жасы кейін көңілдесті де, еркекті де оңдырмай жазалайтынын ұмытпаңдар"

Барлық жаңалықтар