"Отбасын ойрандағандар": Сарапшы Тұрсынбектің тоқалы туралы бар шындықты айтты

"Отбасын ойрандағандар": Сарапшы Тұрсынбектің тоқалы туралы бар шындықты айтты

Танымал кәсіпкер, сарапшы Айнұр Қалымбетова соңғы уақытта қоғамда ең көп талқыланған тоқал, екінші әйел тақырыбы туралы ащы шындықты айтып, видео жариялады деп жазады Democrat.kz.

Сарапшы әлдекімнің айрандай ұйып отырған отбасын бұзудың нәтижесі мен отбасын бұзып, тұрмысқа шығатын әйелдердің психологиясына талдау жасады. 

"Бүкіл ел танитын Баян Мақсатқызы мен Тұрсынбектің тоқалы Айман туралы талдап көрсек. Баян Мақсатқызы алдына мықты мақсаттар қоя білетін, жігері өте мықты әйел. 

Баян тынбай еңбек етіп, аяқтан тік тұрған адам. Танымалдық, атақ дегенді ол кезінде өз еңбегімен алып қойған. Бір сұхбатында "маған еркек сүйіспеншілік, махаббат үшін керек"деп ашық айтқан еді. 

Осылайша Баян шынайы сезім үшін адал, әділ жолмен бақытына қол жеткізді. Соған лайық өмірін де сүріп жатыр.

Ал Тұрсынбектің тоқалының Баяннан айырмашылығы, әдетте қалталы еркектердің қасында үйіріліп жүретін көбелектер болады. Ондайлар "егер осы еркекті уысыма түсірсем, атақты, танымал болам, бай болып, шалқып күн кешем. Еркектің бірінші әйелі құрып кетсін, сырғыта салам, қабырға емес"деп ойлайды.

Әйтсе де, құдайдың да өз есебі бар. Тұрсынбек тоқалына кеткенде, Мөлдірдің жұлдызы жанып, тасы өрге домалады. Ал Айман танымал болды, бірақ негатив, яғни жағымсыз жағынан танылып, төменге құлдырады.

Демек, әркім өз энергиясына қарай лайықтысын алады", дейді Айнұр Қалымбетова. 

Сарапшының талдауына қатысты жұрт "өте дұрыс талдау", "екеуі салыстыруға келмейтін әйелдер", "дұрыс, Айман кереметпін деп өмірін салып жатыр өзін дәлелдеуге жанталасып", "Айманды адал деп ойлау..."деген сыңайда пікір жазуда. 

Барлық жаңалықтар