"Отказ" алғандар баласының құжатын бірінші сыныпқа қайта тапсыра алмай отыр

"Отказ" алғандар баласының құжатын бірінші сыныпқа қайта тапсыра алмай отыр

Қазақстанның кей аймақтарында екі күннен бері бірінші сыныпқа баратын баласының құжаттарын онлайн тіркей алмай, пұшайман болған ата ана саны артуда деп жазады Democrat.kz.

Threads әлеуметтік желісінде баланың құжаттарын автоматты түрде онлайн тіркей алмай отырған азаматтар Оқу ағарту министрлігіне сауал жолдады.

"Қазақстан Республикасының Оқу ағарту министрлігі, бізге қарапайым нәрсені түсіндіріңізші. Баламыздың құжаттарын тіркей алмасақ, мынау цифрландырудың барлығы — eGov, OQU, автоматты жүйелер неге керек? 

Қадыр Мырза Әли атындағы BINOM SCHOOL туралы айтар болсақ, жағдай келесідей, бала микро учаскеге жатады — құжаттар eGov арқылы беріледі — өтінім oqu жүйесі арқылы ресми түрде ресімделеді-барлығы қатаң ережелерге сәйкес жасалады. Бірақ "құжат қабылданбады" деген жауап келеді. Неге? Неге ешкім түсіндіріп, жауап бермейді бұған?

Бәрінің беретіні бір жауап, "талапқа сай емес". Қандай талапқа сай емес? Қандай құжат дұрыс емес? Ешқандай жауап жоқ. Проблема мұнымен бітпейді. 

Қадыр Мырза Әлі атындағы  BINOM SCHOOL "отказ" берген соң, құжаттар жоқ болып кетеді. Ал құжаттарды екінші рет қайта енгізу мүмкін емес. Яғни, жүйе тек "отказ" ғана бермей, блок та қойып тастауда. 

Бұл цифрлық жүйе қалай жұмыс істеуі керек еді жоспар бойынша? Жыл сайын жаңа ережелер. Жаңа алгоритмдер. eGov. OQU. Платформаларының жұмысы ақауға толы.

Ал енді жүйедегі ақауға кім жауап береді? Ешкім. Барлық кінә ата анаға артылады. Тиісті мекемелерге хат жолданды. Мұнымен тоқтап қалмаймыз" деген желі қолданушыны қолдап, платформаның пайдасын емес, зардабын тартқандар пікір жазуда. 

 

Барлық жаңалықтар