"Отставкаға кетсін!": Білікті ұстаз аттестация дауына қатысты үндеу жасады

"Отставкаға кетсін!": Білікті ұстаз аттестация дауына қатысты үндеу жасады
Қазақстандық мұғалімдер арасында қызу талқы ғана емес, реніш тудырып отырған педагогтардың аттестациясы бара бара дауға айналып барады. Дауға айнала бастаған бұл мәселеге байланысты білікті ұстаз Өмір Шыныбекұлы пікір білдіріп, өз талабын жеткізді деп жазады Democrat.kz.
 
Өмір Шыныбекұлы екі аптадан астам уақыт бойы талқыланып жатқан аттестация мәселесінің біртіндеп дауға айнала бастағанын, соңғы уақыттағы әлеуметтік желідегі ұстаздардың наразылыққа толы пікірлерін алға тартып: "Педагогтарды аттестациялаудың жаңа жобасы төңірегіндегі дауды тоқтатудың бір-ақ жолы бар..
 
Мемлекеттік бюджеттің миллиондаған қаржысын желге шашқан "Мақсатты мектеп" жобасын өршелене насихаттап репутацияларын былғап алған ҚР Оқу-ағарту министрінің вице-министрі М.Мелдебекова мен Орта Білім Беру Комитеті төрағасы Қ.Жұмашев отставкаға кетуі тиіс.."деді. 
 
Танымал белсенді ұстаздың бұл пікіріне қатысты әріптестері "Мақсатты мектеп жобасы еліміздегі 943 мектептің мұғалімдерін әуре-сарсаңға салды. Сапасыз курстар мен тест сынақтары...
Слайдқа түсірілген онлайн семинарлар...
Ол да бір ақша игерудің амалы болса керек.
Жеке өзім соның тестіне де бармадым, курсын да оқымадым...
Сондай шикі жобаларды жүзеге асырғысы келгендер педагогтер қауымдастығы алдында жауап беруі тиіс" деп пікір жазуда. 
Барлық жаңалықтар