"Оттамаңдаршы!"деген блогер кей еркектің бетін тілетін шындықты айтты

"Оттамаңдаршы!"деген блогер кей еркектің бетін тілетін шындықты айтты

Әлеуметтік желіде түрлі ерекше пікірлерімен былайғы жұртқа танылған блогер, студент Данияр біраз күннен бері қызу талықланып жатқан "Жәкішевтің қызының ұзатылуына" қатысты өткір пікір білдірді деп жазады Democrat.kz.

Еске сала кетейік, Мұхтар Жәкішевтің қызы Алтынай өзге ұлтқа тұрмысқа шығып, кей еркектеріміз бен әйелдеріміз "намысты таптады", "бұл масқара", "ұлттығымызға сын" дегенге саятын пікірді әлеуметтік желіде бұрқыратып жазып, өзара сөзбен салғыласып жатқанына бірнеше күн болды. 

Осы тақырыпқа қатысты блогер Данияр: "Қазақ қызы шетелдікке тиді, намысымыз тапталды" деп жатқандар, оттамаңдаршы! 

Алған әйелдеріңді ұрып, қорладыңдар. Шешелерің мен қарындас, әпкелерің әйелдеріңмен күндес болып, қырылды. 

Ол әйел қыдырам десе, басы дауға қалды. Ол кезде үндемедіңдер.

Ал енді сендерді тыңдамай, сендердің айтқандарыңа бағынбай, басқа еркекті қыздарымыз таңдағанда, осылай деп айғайлап шығасыңдар. Неге?

"Намыс" деп көлгірсімеңдерші! Одан да "қазақ қызы баяғыдағыдай "лох" емес, қыздарымызды баяғыдағыдай "лох" ете алмай қалдық. Өзін бақытты ететін еркекті таңдады. Енді не істйміз?!" десеңдер болар еді!

Намыстарың оянатын жағдай аз ба еді бұл елде? Жігіттер, менде бір ұсыныс бар. Егер таныс жігіттің "измена" жасағанын білсек, бірден сол жігітпен араласпай қояйық. Өз аманатына дұрыс қарай алмаған ондай еркек достарын да сатып кетеді. Солай қарайық енді", деді.

Әрине, шындық шымбайына батқан кейбіреулер жас жігіттің бұл пайымына шоқ басқандай ыршып жатыр. Десек те, Даниярдың айтқан сөзінің нағыз шындық екенін мойындағандар "өте дұрыс, нағыз шындықты айттың!"деп қолдау пікірлерін тоқтаусыз жазып жатыр. 

 

Барлық жаңалықтар