"Өз әйелінен басқа бірнеше әйелмен әуейі болатын еркектерді заңмен жазалау керек"деп ұсыныс жасады журналист

"Өз әйелінен басқа бірнеше әйелмен әуейі болатын еркектерді заңмен жазалау керек"деп ұсыныс жасады журналист
Танымал журналист Дина Төлепберген тоқал деп шулап жүрген еркектерге ұнамайтын ұсыныс жасады деп жазады Democrat.kz.
 
Дина Төлепберген: "Бірнеше әйелмен заңсыз некеде тұрған еркектерді 5 жылға бас бостандығынан айыру қажет. Қазақстан Республикасының
Неке және отбасы туралы заңына осы норманы енгізу қажет"-дейді. 
 
Оның айтуынша, заңды некесі бола тұра басқа әйелмен жасырын неке жасау қылмыстық іс. Халықаралық тәжірибеде мұны "бегамия" деп атайды екен. Мысалы, Канада елінде заңсыз неке жасаған еркектерді 14 жылға түрмеге қамайды екен.
 
Қазақстанда әйелінің көзін бақырайтып қойып басқа әйелге барған еркекке ешқандай қылмыстық іс қаралмаған.
 
"Заңсыз неке жасаған еркектердің әйелін мемлекет жәбірленуші ретінде тануы тиіс",- деді Дина Төлепберген.
 
Әріптесінің бұл ұсынысына журналист Ербол Мәндібек: "Былай қарап тұрсаң сөзінің жаны бар. Күні кеше ғана күйеуі Тұрсынбектен айырылып қалған менің апам Мөлдір Мұқанованың жағдайын мысал етуге болады.
 
Дегенмен, бұл заң әйелдерге де қатар жүруі шарт. Егер, қыздар басқа біреудің бұқасын бас жібінен үзіп, жер сүздіріп сүйреп әкететін болса онда оларға да қатаң шара қолдану ләзім" деген пікір білдірді.
 
 
Барлық жаңалықтар