«Өз әкемді аймаладым...»деген қыз басынан өткен сұмдықтарды жайып салды

«Өз әкемді аймаладым...»деген қыз басынан өткен сұмдықтарды жайып салды

Бала күнінде әкесінен зорлықты жылдар бойы көргенін айтқан келіншек осыдан аз уақыт бұрын әлеуметтік желіде бүгінге дейін жасырып келген қорқынышты сұмдығын айтқан болатын. Енді таяуда ғана ол осы сұмдықтар туралы арнайы сұхбат беріп, барлық жағдайды бүге-шігесіне дейін жайып салды деп жазады Democrat.kz.

Әкесінен айуандық көрген қыз  ең алғаш әкесінің өзіне қол жүгірткен күнін бүгінге дейін ұмытпағанын айтып: «Сол күні үйде әкем екеуіміз ғана едік. Ноутбук қарап жатқан әкемнің қасына келгенімде оның порно видео көріп жатқанын байқадым.

Менің көріп қойғанымды сезген ол қасына шақырып алып, «кел, екеуіміз мама-папа ойынын ойнаймыз» деді. Жасым 6-да еді. «Мама-папа» ойынын барлық балалар ойнайтын, кәдімгі бір ойын деп санадым.

Әкем сол күні құшағына алып, ойындағысын істеді. Осылайша «мама-папа» ойынымыз әкем қалаған күндері жалғаса берді. Қазір ойласам, сол кезде әкем мені жақсы көргені үшін ғана менімен осылай ойнап жүр деп қабылдаппын.

Себебі, менен үлкен әпкеме әкем мүлде жоламайтын, тіпті оны аса ұнатпайтын. Мен не қаласам, соны әперетін. Менің барлық айтқанымды орындайтын.

Әкеммен ойнаған ойынды анаммен де ойнағым келіп, бір күні «мамама да айтайық, бірге ойнайық» дегенім бар. Баламын ғой...Сол сәтте әкем «бұл тек екеуіміздің ойынымыз. Басқа біреуге айтсаң, мамаң да, сүйікті әжең мен інің де өліп қалады» деп қатаң ескертті. Сендім. Қорықтым.

Әкемнің маған жасап жүргені айуандық екенін өте кеш түсіндім. Әлі есімде, «мама-папа» ойынымыз маған да ұнайтын. Өз әкемді талай аймалап, құшақтаған сәттерім де болған. Әкем не айтса, соны орындайтынмын. Осылайша бүкіл балалық шағымның тас-талқаны шыққанын кеш ұқтым.

Тұрмысқа шықтым. Балалы болдым. Бірақ бақытты бола алмадым. Себебі...психикам әбден паршаланып кеткен еді», - деп жан жарасын ақтарды.

Барлық жаңалықтар