"Өз еркіммен "детдомға" кеттім" деген баланың жазбасы жұртты жылатты

"Өз еркіммен "детдомға" кеттім" деген баланың жазбасы жұртты жылатты

Әлеуметтік желіде Ибрагим есімімен тіркелген қыз бала өмірден, адамдардан көрген қорлыққа шыдамай, өз еркімен балалар үйіне кеткенін айтып, оқырмандарын жылатты деп жазады Democrat.kz. 

"Сабақтан келіп үйді жинап дала да баня жағып қойдым, ішін жуып ішіне шелекпен бочкаларға су таситынмын. Сол үйдің 1 ережесі мен ешқашан ол баняға 1 ші болып түсуіме болмайды бәрі түсіп алу керек алдымен.

Бірақ ағалар кештетіп келетін болған соң тез тез түспекші болдым.. бір кезде үлкен жеңгем терезені қатты ұрды.

 Айқайлап “шыық қазір өлтірем сен қызды” деген сөзіне қатты қорқып ыстық кайнап тұрған бочкадағы суды тазикке құямын деп үстіме құйып алдым, денемнің күйгенінен емес қазір есікті ашқан соңғы өмірім қатты қорқытты.

Ойлағаным болды.. денем күйіп барады, есікті ашқаным сол еді сүйреп шығарып қыстың күні дала да шапалақпен ұрғаны әлі есім де.

Денемнің күйгенін айта да алмадым, бірақ терім жиырылып, қабығы ашылып үлкен жара болып қалды.

Сабаққа бара алмаймын деп айта алмайтынмын, өзім қашатынмын себебі үйдің тірлігі, жақтырмаған көздер, ауыр сөздер одан да ауыр тиетін.. Сондай жағдайдан мені құтқарған көрші түрік апамыз болды..."деп жазба жариялаған Threads желісін қолданушы күн сайын көрген қорлықтарына шыдамай, балалар үйінен пана тапқанын жеткізді. 

Бұл жазбаға қатысты оқырмандары жұбату сөздерін айтып, жандары ашып, көздеріне жас алғанын жазуда. 

 

Барлық жаңалықтар