Өз ұлы мен әйелін өлтірген күдікті ұсталды

Өз ұлы мен әйелін өлтірген күдікті ұсталды

Қостанай облысында әйелін және 16 жастағы ұлын өлтірген ер адам ұсталды, деп хабарлайды Democrat.kz.

 

51 жастағы Максим Нечаев Аулиекөл ауданының полиция қызметкерлері тарапынан қылмыстан кейін ізі суымай ұсталды.

 

29 қыркүйекте Аманқарағай ауылында ол ажырасу процесінің қарсаңында ұлын және әйелін өлтірген.

 

Марқұмдардың денесін күдіктінің кішкентай қызы тауып алған. Осыдан кейін ол көшеге шығып, кездейсоқ өтіп бара жатқан адамнан көмек сұрап, анасымен ағасының еденде қимылсыз жатқанын айтып берген.

 

Полицияның хабарлауынша, ұсталған адам кінәсін мойындап, қамауға алынған.

 

Барлық жаңалықтар