Өзбекстанда танымал шетел сөздерін ана тіліне аударумен байыпты түрде айналысады деп жазады Democrat.kz. Upl.uz сайтына сілтеме жасап.
Атап айтқанда, Министрлер Кабинеті жанындағы терминдер комиссиясы 40 танымал шетел сөзін өзбек тіліне аударды.
Мысалы, мынадай сөздер аударылған:
аванс — бўнак,
доставка — етказиш,
лидер — етакчи,
линк — ҳавола,
светофор — йўлчироқ,
портфолио — йиғмажилд,
IT технологиялар — ахборот технологиялари (АТ).
Комиссия таза өзбек тілін қолданудың маңызын халыққа жеткізумен белсенді түрде айналысады. Айта кету керек, өзбекстандықтардың көбі сөйлесу барысында әлі күнге дейін көптеген орыс сөздерін қолданады.