Өзге ұлт өкілдері бүкіл қазақты шулатып, боқтап кетті

Өзге ұлт өкілдері бүкіл қазақты шулатып, боқтап кетті
"Балақтағы бит басқа шықты" дегенді кейде күліп, кекетіп айтамыз. Бірақ бұл сөздің артында қанша ғасырлық трагедия, ұлттық қасірет тығылып жатқанын көбіміз аңғармаймыз.
 
Қазақстан — қазақтың жері. Бірақ қазақтың сөзі жүріп тұр ма? Жоқ. Қазақтың тілі үстем бе? Жоқ. Қазақтың рухы биік пе? Тағы да жоқ. Онда бұл ел кімнің елі? Қазақ еліне күнін көре алмай, аш-жалаңаш келіп, кейін тойынып, биті семірген келімсектердің бе?
 
Жоқ, жер де, ел де, қазақтың өзінікі. Бірақ ол соған лайық бола алмай отыр.
Біз ұлт ретінде өзімізге өзіміз деген құрметті жоғалтып алдық. Тілімізді сыйламаймыз. Білім мен ғылымда өз тілінде сөйлемейтін, өз ұлтының болашағына селқос қарайтын адамдар көбейді. Бір қазақ екінші қазақты алдап, бір-біріне сенбей өмір сүріп жатыр.
 
Осының бәрін сырттағы өзге ұлттар көріп отыр. Олар қазақтың бір-біріне құрметі жоқ жерде өздері неге құрмет көрсетуі керек деп ойлайды. Рас қой?
 
Ал біздер қазақ жерінде тұрып жатқан басқа ұлт өкілдеріне өзімізді сыйлату үшін, алдымен өзімізді өзіміз сыйлап үйрену керек сияқтымыз.
 
Мына Шымкенттің шет жағында бұрынғы Ворошиловка ( қазіргі атын білмеймін) дейтін жердің түркі ме, күрдісі ме, сығандары ма бүкіл қазақты шулатып, аузына келгендерін оттап, боқтап кетті.
 
Осылар беріге дейін наркотик сатып, ұрлық жасап, сотталатыны сотталып, өлетіні передоздан өліп, енді қалғандары заң қатал болған соң арттарын қысып жүрген халықтар. Енді мынау істеп отырғандары.
 
Расында қазақ жуас халықпыз ғой, мүмкін қорқақ, ынжық , ез де шығармыз, кім білсін? Олай деуімнің себебі:
Біз өзіміздің ұлтымызға өзіміз араша түсе алмаймыз.
Тілімізге тіл тигізсе де, үнсіз қаламыз.
 
Өзге ұлт қазақты менсінбесе де, соны "түсіністікпен" қабылдаймыз.
Тізе берсең жетіп артылады. Біз сонда кімбіз?
Мына қатындарды құқық қорғау органдары тауып, тиісті жазасын береді деп ойлаймын.
 
Байкал САИМОВ, қоғам белсендісі. 
 
(Мақалаға қатысты видеоны мына сілтемеге өтіп көре аласыз)
Барлық жаңалықтар