Ресей пропагандисі, "Қазақстанға басып кіруді" марқұм күйеуі екеуі қызу қолдаған Маргарита Симонян көпшілік алдына шығып, ең ауыр сөздерді естіді деп жазады Democrat.kz.
Көптен бері ел алдына шықпай жүрген Маргарита Симонян таяуда жұртпен кездесті деп жазады ресейлік басылымдар. Кездесу барысында журналистердің бірі оған: "Өзгенің отбасын ойрандап, опа таппадым, соның кесірінен күйеуіңіздің басын жалмадым деп ойламайсыз ба?"деген ауыр сұрақ қойды.
Бұл сұраққа Симонян бар болғаны: "Рақмет, аман болыңыз" деп қысқа қайырды. Әйтсе де, кейінірек Маргарита өксігін баса алмай: "Өлім деген жоқ. Бар болғаны жақындарымыз біраз уақытқа бізден алыста болады. Кейінірек біз де олардың қасына барамыз.
Мысалы, мен әр күн сайын кеш батқанда өкіріп, өксіп жылаймын.Сондай сәтте қасыма Тигран келеді. Мені жұбатады. Жақында көрісеміз деп айтады",деді.