Тиктокер Ержан көшеде қаңғыған атпалдай азаматтың ауыр жағдайы туралы хабарлап, үндеу жасады деп жазады Democrat.kz.
"Мынау Дәулет деген кісі Алматының көшесінде қаңғып жүр. Аяғын зорға басып, өзі қиналып жүрген Дәулет ағаны біреулер темекі сұрап, ұрып кеткен. Жігіттер, мына тірліктерің иттік қой!?
Бұл кісіні жеті жыл бұрын әйелі мен балалары тастап кеткен. Қолдан келсе, көмегімізді берейік те? Адами қасиетіміз қайда біздің?"деп шырылдады тиктокер.